Хуан Альберто Скьяффино (исп/ит. Juan Alberto Schiaffino; 28 шілде 1925, Монтевидео — 13 қараша 2002) — уругвайлық футболшы, шабуылшы. 1950 жылғы әлем біріншілігінің басты жұлдыздарының бірі. 1950 жылғы әлем чемпионы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Лақап аттары ...
Хуан Альберто Скьяффино |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Лақап аттары |
Пепе
|
---|
Туған күні |
28 шілде 1925 (1925-07-28)
|
---|
Туған жері |
Монтевидео, Уругвай
|
---|
Қайтыс болған күні |
13 қараша 2002 (2002-11-13) (77 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Уругвай Италия
|
---|
Бойы |
185
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
1954 жылғы әлем чемпионатынан кейін Италия клубтарында ойнады. Италия құрамасы сапында да төрт кездесуде алаңға шықты.
1950 жылғы әлем біріншілігінің қарсаңында ешкім Скьяффиноны құраманың жетекшісі санай қоймады. Боливиямен болған алғашқы ойында-ақ Скьяффино өзін танытып үлгерді: екі гол соқты (бірақ көп жылдардан кейін ФИФА есепшілері ӘЧ статистикаларын қайта дұрыстап қарап шыққаннан соң Хуан ол ойында 4 немесе 5 гол соққан болуы мүмкін деген әңгімелер қозғалды). Бұл ойында Уругвай 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Екінші әрі шешуші топтық турнирде соңғы ойын алдында Уругвай 3 ұпаймен екінші орында тұрды да, соңғы кездесуде Бразилияны қалайда ұтуы тиіс болды. Матчта Бразилия есеп ашты. Бірақ 67-минутта Скьяффино есепті теңестіріп, уругвайлықтардың жеңіске деген үмітін қайта оятты. 79-минутта Алсидес Хиггия екінші голды соғып, Уругвай чемпион атанды.
Осы жетістік пен керемет ойынының арқасында Скьяффино Уругвай футболы тарихындағы ең үздік ойыншы атанды[1].
- Әлем чемпионы (1): 1950
- Уругвай чемпионы (6): 1944, 1945, 1949, 1951, 1953, 1954
- Италия чемпионы (3): 1954/55, 1956/57, 1958/59
- Жәрмеңкелер кубогы (1): 1960/61
- Уругвай жыл футболшысы (2): 1949, 1950